Әлем мұсылмандары «Кока-Колаға» қарсы
Әлем мұсылмандары «Кока-Колаға» қарсы

Күні кеше ғана «Кока-Коладан» ши шығып, атышулы сусынның сиқырлы құпиясына қаныққан едік. Білгендер сол кезде-ақ бірден сүйікті сусынымен амалсыз «қош» дескен. Енді, міне, араға аз ғана уақыт салып, әлемді дүр сілкіндірген «Кока-Коланың» тағы бір құпиясы көпшілікке мәлім болды.

Осыдан бірер ай бұрын әлем жұрты «Кока-Коланың» құрамына көз жеткізіп, амалсыз жағасын ұстаған. «Апыр-ай, сонда біздің ішіп жүргеніміз құрт па?» деп шошынғандар да болған. Рас, «Кока-Коланың» құрамында құрт бары өтірік емес екен. Сусынның қызғылт тартып, көз қызартып тұруына да осы құрт жәрдем жасаса керек.

Мамандардың айтуынша, «Кока-Кола» құрамындағы қызыл бояу құрттардан алынатын көрінеді. Осыдан 3 жыл бұрын Түркия еліндегі діни қор сусын өндіруші «Кока-Кола» компаниясына қатысты шындықты жариялауды талап еткен. «Кока-Кола» сусынының құрамында қант, фосфор қышқылы, кофеин, карамель және басқа да қоспалар бар екенін бәрі біледі. Бірақ мұндай жалған жазбаларға сенгісі келмеген Түркия тұтынушылары өздерінің шын мәнінде не ішіп жүргенін білгісі келген. Заң солай. Ақырында заңға қарсы тұра алмаған компания өз құпиясын жариялауға мәжбүр болған.

«Кока-Кола» сусынын өндірушілердің айтуынша, сусын құрамына табиғи кармин бояғышы кіретін көрінеді. Ал, ол бояғышты кармин деп аталатын құрттан алады. Кармин құрты Армения, Азербайжан, Польша жазықтарын мекендейді. Және жүрген жерінде түк қалдырмайды. Мәселен, аталмыш құрттың кесірінен Мексика далаларындағы кактустардың құрып кету қаупі бар. Сондай-ақ, құрттың кармин  атауы да, қызыл деген мағынаны білдіретін көрінеді.

Бір қызығы карминді сонау ежелгі замандардан бері мата бояу ісіне қолданып келген. Тек қана газды сусындарды ғана емес, кондитерлік бұйымдарды, сүт тағамдарын бояуда кармин таптырмас байлық екен. Сондай-ақ, оның біздің тағам-сусындарымыздың құрамына енгеніне де бақандай 1 ғасырдай уақыт болыпты. Астағфируллаһ! Осы уақытқа дейін не ішіп жүргенімізді қалай ғана байқамағанбыз дейміз еріксіз. Енді қараңызшы, 1 г бояу алу үшін мыңдаған құртты өлтіруге мәжбүрміз. Сонда 1 литр «Кока-Кола» құрамында қанша құрт барын өзіңіз пайымдай беріңіз?!

Бұлар кешегі сұмдықтар. Ал, бүгін жаңасы шықты. Осыдан біраз уақыт бұрын интернет тораптарында «Кока-Колаға» қатысты жаңа сұмдықтың беті ашылды. Осы уақытқа дейін сүйікті сусын ретінде қолданып келген «Кока-Кола» нағыз «Құдайсыз» болып шықты. Демек, оны ішкен адамның да құдайсыздар қатарын толықтыра түскені айтпаса да түсінікті.

Міне, қараңыз, сусын шөлмегіндегі «Кока-Кола» (логотип) жазуы. Әдеміленіп қана жазылған 

(1-суретті қараңыз). Тартымды. Ал, енді сол жазуды керісінше оқиық. Тағы да өзгерген ештеңе көргеніміз жоқ. Енді осы жазуды араб әрпіне айналдырып оқи бастасақ, сұмдық... Ешқашан ойлап көрмеген тосын жағдайға тап боламыз: «Ла Мухаммед, Ла Мекка», яғни, «Кока-Коламыз»: «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деп сайрап тұр.

 

 

 (1-сурет)

Осы мәселеге байланысты қазір әлем жұртшылығы тағы да дүрлігіп жатқаны белгілі. Соның ішінде Үндістан мұсылмандары «Кока-Кола» компаниясынан екі ай мерзім ішінде өз логотиптерін өзгертуді талап етіп отыр. Олардың ойынша, «Кока-Кола» «антиисламдық мінезге» ие. Сондықтан, оған дер кезінде қарсы шара қолданбаса, оның мұсылмандар үшін орасан қаупі бар. Ал жергілікті «Ифта» лингвистикалық орталығы мамандары болса, аталмыш жазудан «құдайсыздық идеясын» ойлап табудың қажеті жоқ деген мәміле жасаған. Мұндай мәмілені әлемдегі мұсылман елдерінің заңгерлері де қолдаған көрінеді. Демек, олардың айтуынша, ағылшын тілінде жазылған сөзден, арабша мәндегі басқа бір жазуды ойлап табу ешқандай ақылға сыйымсыз дүние болып шығады екен.

Қалай десек те, «Кока-Коладан» жақсылық іздеудің қажеті шамалы сияқты. Сондықтан, мұсылманды мансұқтаған қандай нәрседен болса да қашқан дұрыс. Ал оның ақиқаты бір Аллаға ғана аян.

Тағы бір жаңалық. Күні кеше ғана «Кока-Колаға» қатысты кезекті бір сұмдық жайттың беті ашылды. Енді бұл компания мұсылмандарды мазақтауды жөн көріпті. «Иран Ислам Республикасының дауысы» радиосының хабарлауынша жақында «Кока-Кола» компаниясы ислам елдері арасындағы сусынның өтімділігін арттыру мақсатында жаңа бейне рольик түсірген. Бұл бейне рольикте «Кока-Кола» шөлмегі пішініндегі мұсылмандардың  намаз оқып жатқан сәті көрсетілген (2-суретті қараңыз).

 

(2-сурет)

Иран БАҚ-ының хабарлауынша, бұл бейне рольикте мұсылмандар «Кока-Кола» сусыны эмблемасы бейнеленген футболкалар киіп алған. Демек, АҚШ-тың алпауыт фирмасы осы бейне рольик арқылы мұсылмандардың абыройын таптауды мақсат тұтқан. Намазды қорлаған. Сондай-ақ, аталмыш рольик «Қызықтар мен әзілдер» атты атаумен marktlog.de cайтына  https://www.youtube.com/watch?v=Y_-0h99FoHQ  ютубқа да енгізіліп үлгерген. Яғни, бұл көрініс интернет арқылы да көптің көзіне түсіп үлгергені анық. Егер «Кока-Кола» мұсылмандар қауымын мансұқтауды қоймайтын болса, онда алдағы уақытта аталмыш сусынның ислам елдеріне таратылуына байкот жариялануы мүмкін.

Міне, байқағаныңыздай  біз ішіп жүрген  нәрселердің де қыры һәм сыры  болады екен. Сондықтан, қай кезде де сақтық шараларын жасаған артықтық етпесе керек. Осындайда «Сақтансаң, сақтармын!» деген Хақ сөзін ешқашан естен шығармайықшы, ағайын!

"Шапағат Нұр" Ислам тану журналының

2009 жылғы №7(135) санынан алынды

Теріп жазған Бөрібай Мөлдір Дүкенбайқызы

Мөлдір БөрібайМөлдір Бөрібай
2 года назад 730
1 комментарий